Ұландықтар ел болашағы үшін дауыс беруде
Бүгінгі референдумге ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылсығына қатысты барлық әскери бөлімнің қызметшілері де қатысуда. Таңғы сағат 7:00-де ең алғашқылардың бірі болып «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков өз дауысын берді. Сонымен қатар, өңірлік қолбасшылыққа қарасты барлық әскери бөлімдердің командирлері де қалыс қалмай белсенділік танытты.
– Атом электр станциясының салуына байланысты болып жатқан бұл референдум еліміз үшін өте маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірге жасалуы тиіс. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек, – деді Сакентай Амантайұлы.
Сонымен қатар, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген әрбір ұлан бүгінгі референдумнан қалыс қалмай, дауыс береді.
Қолбасшылықтың баспасөз қызметінен.