Жаңалықтар

Ұландық Ержан Конуров – самбодан әлем чемпионы

Өзбекстанның Бұхара қаласында самбодан шеберлер арасында өткен Әлем чемпионатында Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Ержан Конуров Қазақстан намысын абыроймен қорғап, 64 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды иеленді.

Сурет ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Жарыс барысында Ержан Конуров жоғары спорттық дайындық пен мінез көрсетіп, қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңді. Оның табандылығы мен ерік-жігері, сондай-ақ әскери тәртіптен алған шыңдалуы жеңіс жолында үлкен рөл атқарды.

Бұл жеңіс – тек жеке спортшының емес, жалпы Ұлттық ұланның да мерейін үстем еткен жетістік. Ержан Конуровтың бұл табысы еліміздің спорттағы беделін арттырып қана қоймай, жас сарбаздарға үлгі болары анық.

Айта кетейік, қатардағы жауынгер Ержан Конуров спортпен бала кезден айналысып келеді. Ол бұған дейін де республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болған тәжірибелі спортшы..

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button