Ресми

Ұландар рәміздерге тағзым етті

Бүгін Орталық өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы саптық алаңға тізіліп, рәміздер күнін атап өтті. Шараны Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы міндетін уақытша атқарушы полковник Ильяс Сағындықов басқарды. Салтанатты шара әскери жарғы талаптарына сай жеке құрамның мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңбаға түзеліп, ән ұранды шырқаумен басталды.

Суреттер автордан

Салтанатты шеруде  Орталық өңірлік қолбасшылығының бас тәрбиешісі полковник Берік Тоқтаров еліміздің нышандарының шығу тарихы бойынша қысқаша баяндама жасап, әскери қызметшілерді мерекемен құттықтады.

– Мемлекетіміздің нышандары елдігіміздің, егемендігіміздің белгісі. Бүгінде Қазақстан Республикасы барша әлемнің алдында өзінің беделді орынын тауып, белесін асқақтататып келеді. Біз ұландық жауынгерлер, әрдайым нышандарымызға тағзым етіп, еліміздің қорғанында мүлтіксіз қызмет етуіміз тиіс, – деді Берік Тоқтаров

Шара салтанатты шеруге ұласты.

Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button