Спорт

Ұландар олжамен оралды

Қаңтар айының 18-19 аралығында Петропавл қаласының облыстық кәсіптік педагогикалық колледжінде Ұлттық Ұлан әскерлерінің арасында волейболдан ашық біріншілік өтті. 15 жылдан кейін қайта жаңғырған әскерилер арасындағы турнирден жерлестер жүлдемен оралды.

Сурет: ҚР Ұлттық Ұланының орталық өңірлік қолбасшысының баспасөз қызметі

Аталмыш турнирге Орталық өңірінің қолбасшылығының Петропавл, Көкшетау, Теміртау, Степногорск, Қарағанды қалаларында орналасқан 7 команда қатысты.

– Кездесу өте жақсы өтуде, әрбір команда жақсы дайындалған. Бұл жарыстың мақсаты ең алдымен әскерилердің арасында спорттың қарқынды дамуы және әскери ұжымның біріктіру және қандай да бір спорт немесе жағдай болмасын әскери адам әрқашан барлығына дайын, шыныққан болуы тиіс, – деді Орталық өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бастығы полковник Александр Апасов.

Турнир қорытындысы бойынша Қарағандылық 5451 әскери бөлімі жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Амантайұлы Шекарбековтің кубогін иеленді. Ал, ІІ орынды – Петропавл қаласының 6637 әскери бөлімі, ІІІ орынды – Қарағандылық 6505 әскери бөлімінің командасы жеңіп алды.

Сондай-ақ, 5451 әскери бөлімінен қатардағы Бейбіт Нұрғалиұлы – «Үздік шабуылдаушы ойыншы», 6637 әскери бөлімінің офицері аға лейтенант Махсудов Фазлиддин – «Үздік байланыстырушы» атанды. Кубок пен грамоталарды Президенттік  көпсайыстың Шаңғы мен биатлон жарысы бойынша спорт шеберінің үміткері, Орталық өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бастығы полковник Александр Апасов табыстады. 

ҚР Ұлттық Ұланының орталық өңірлік қолбасшысының баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button