Ресми

Лайықты құрмет

Ақпарат айдынында үздіксіз қалам тербеп келе жатқан журналистердің еңбегі қашанда елеулі. Сөз тізгінін ұстаған, адамзатты ақиқатқа құрылған ақпаратпен азықтандырып, ауданның қоғамдық саяси тынысын тап басқан белгілі қаламгердің бірегейі – Рымбек Смағұлов. Ұзақ жылдар аудандық «Қарқаралы» газетін басқарған білікті басшы «Қазақстанның Құрметті журналисі» атанды.

Мерейлі мамандықтың иесі Рымбек Смағұлов осы салада 40 жылға жуық жемісті еңбек етті. Тұшымды дүниелерді қаламына арқау еткен журналист аудан көлемінде бірқатар өзекті мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етті. Газеттің оқырман алдындағы абырой-беделін көтеріп, көптеген жас мамандарды даярлауда зор еңбек сіңірді.

Еңбегі ерен ардагер журналист «Қазақстан мәслихатының Құрметті депутаты», «Ақпарат саласының үздігі».

Адалдықты ту етіп, қаламын қолынан тастамаған ардагер журналистердің жанкешті еңбегі елене бергей!

Сағыныш ӘБІЛ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button