Лагерьлердегі балалардың жазғы демалысы
Балаларға арналған жазғы демалыс жақындағанкезде, жазғы демалысты ұйымдастыру мәселесі еңөзекті және маңызды болып табылады, мұнда мектеп оқушылары оқу сабақтарынан демалып қана қоймай, денсаулығын нығайта алады.

Осыған байланысты жазғы сауықтыру лагерлерімен жазғы мектеп жанындағы алаңдарды балалардықабылдауға дайындау мәселесі өзекті болып отыр.
Балалар лагерлері өз жұмыстарын бастауы үшінолар арнайы рұқсат алуға міндетті, бұл – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды деп аталады.
Бұл құжат лагерь барлық қажетті санитариялықжәне эпидемиологиялық талаптарға жауап беретінін растайды. Маусымдық лагерьлер үшін СЭҚ алу – жұмысты бастаудың міндетті шарты. Өтінім egov.kz немесе elicense.kz. порталдары арқылы беріледі, оған зертханалық зерттеулердің нәтижелерін қосу қажет:үй-жайлардың микроклиматы, судың сапасы,жарықтандыру, бассейндер мен жағажайларданалынған судың, сондай-ақ топырақ пен құмныңталдаулары.
Лагерьді ашар алдында жөндеу-қалпына келтіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет: барлықинженерлік желілердің тиімділігін тексеру: желдету,кондиционерлеу, сумен жабдықтау (ауыз суды зерттейотырып, құрылыстар мен желілерді жуу жәнедезинфекциялау), жарықтандыру, аумақты тазартужәне абаттандыру, профилактикалықдезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар жүргізу.
Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз,яғни жеткіліксіз болса, метаболизм бұзылады, оның қоршаған ортаның зиянды әсеріне және әртүрліжұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді. Тамақтану аралығы 3,5-4 сағаттан аспауыкерек, қосымша екінші таңғы ас немесе кешкі ас беру арқылы кемінде бес рет тамақтануды ұйымдастыру керек. Азық-түлікті сақтау ережелері мен шарттарынқатаң сақтау қажет. Тамақ өнімдерін қабылдау кезіндеолардың сапасын куәландыратын құжаттардың болуыміндетті.
Тамақтан уланудың және жұқпалы аурулардыңалдын алу мақсатында баламен жеке гигиенанысақтаудың қарапайым ережелері туралыпрофилактикалық әңгіме жүргізу керек, атап айтқанда:тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейінқолдарыңды жуыңдар, көкөністер мен жемістердітұтынар алдында ағынды сумен мұқият жуыңдар, лагерьлерде өсетін жемістерді, жидектерді, сондай-ақ белгісіз жидектер, тұқымдар мен тамырлардытұтынуға тыйым салу.
Бассейнде шомылғаннан кейін душ ванналарынсабынмен міндетті түрде қабылдау, басқа адамдардыңжеке гигиеналық заттарын (тарақтар, тіс щеткаларыжәне т.б.) және киімдерін пайдаланбау, туристікжорыққа барғанда дененің барлық ашық бөліктерінжабу (шалбарды шұлыққа салу, ұзын жәнетүймеленетін блузкалар кию).
Егер ішек инфекциясының белгілері пайда болса (әлсіздік, жүрек айну, құсу), дене температурасыныңжоғарылауы және т.б. балаларды дереу медициналықкөмекке жүгінуге үйретіңіз.
Қауіпсіздік мақсатында балаларға сүт, ет жәнебалық өнімдерін әкелу ұсынылмайды.
Біз балаларымызды қарапайым өмірлікдағдылармен, соның ішінде жеке гигиена туралыбіліммен, қауіпсіз және пайдалы демалыспенқамтамасыз етуіміз керек!
С. Иристаев
Шахтинск қалалық
санитариялық – эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы