Бас тақырыпБасты тақырып

«Құлагер» овертаймда «Сарыарқаны» тізе бүктірді

14 қазанда Петропавлда «Сарыарқа» хоккей клубы жергілікті «Құлагермен» кездесті. Қарағандылықтар ойынға фаворит ретінде келсе де, матч өте тартысты өтті.

Сурет “Сарыарқа” хоккей клубынан

Ойынның екінші минутында «Сарыарқаның» шабуылшысы Сергей Барбашев есеп ашты. Алайда алаң иелері көп ұзамай есепті теңестірді. Бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталды.

Екінші кезеңде Егор Кузьменко «Сарыарқаны» алға шығарды, бірақ петропавлдықтар қайта теңестірді. Кейін Данила Карабань мен Егор Смольяниновтың шайбалары арқасында 4:2 есебімен алға шықты. Дегенмен, «Құлагер» соңғы минуттарда таразы басын теңестіріп, негізгі уақыт 4:4 есебімен аяқталды.

Овертаймда Дмитрий Исмагилов жеңіс шайбасын салып, «Құлагер» 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Есеп: «Құлагер» — «Сарыарқа» 5:4 (1:1, 1:2, 2:1, 1:0)

Бүгін, 15 қазанда қос команда арасындағы екінші кездесу өтеді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button