Бас тақырыпЖаңалықтар
Лаңкестік актісі туралы жалған хабардың авторы іздестірілуде
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін, 23 желтоқсанда 102 телефонына Мұқанов көшесі, 5 мекенжайында орналасқан автокөліктерге қызмет көрсету орталығына күдікті заттың жасырылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметі: полиция, құтқарушылар және дәрігерлер жұмылдырылды. Келушілер, сонымен қатар орталық қызметкерлері ғимарат сыртына шығарылды.
Департаменттің баспасөз қызметі орталықты тінту кезінде қауіпті заттың табылмағанын хабарлады.
Бұл факті полицияда тіркеліп, қазір лаңкестік актісі туралы жалған хабардың авторын іздестіріп жатыр.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.