Бас тақырыпБасты тақырып
Ләззат Ибрагимова: 7 мың әскери қызметкер дайын пәтер алады
«Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, Үкімет тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру бойынша нақты шаралар қабылдады. Қараша айында «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламалары іске қосылып, жалпы 500 млрд теңге несие беріледі.

Сондай-ақ «Әскери баспана» бағдарламасы қайта жанданып, 7 мың әскери қызметкер дайын пәтер ала алады.
Барлық пәтерлер Baspana Market платформасы арқылы сатылады, бағасы мемлекет бақылауында. Құрылыс компаниялары 36 ай бойы бағаны өсірмеуге келісім берді.
Аяулым СОВЕТ