КВИ жұқтыру деңгейі төмендеді

24 ақпанда елімізде 14 388 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ал, бүгінге дейін 198 086 науқас COVID-19 диагнозымен тіркелгені анықталды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан ҚИЯСОВ хабарлады.

Кешегі дерек бойынша «КВИ+» диагнозымен – 179 277 науқас, КВИ пневмониямен ауырғандар – 37 998 пациент сауығып кетті.

Соңғы екі аптада КВИ сырқаттанушылық деңгейі 1,2 есеге төмендеді. Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес еліміз соңғы екі апта бойы «жасыл аймақта» тұр. Бүгінде ешбір өңір «қызыл аймақта» қалған жоқ, – деді Ерлан Қиясов.

Бас санитарлық дәрігердің мәліметінше, сары аймақта 5 өңір бар. Олар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. Қалған 11 өңір жасыл аймақта орналасқан.