КТА: ұландар сахнада бас қосты
ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлім командирінің кубогіне бөліністер арасында көңілді тапқырлар алаңы ұйымдастырылды. Шараға 6505 әскери бөлімінің командирі полковник Бауыржан Барышев қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, қонақ ретінде Шахан кенті әкімінің орынбасары Зару Ержуманов арнайы шақырылды.
Қарағанды Жайдарман филиалының «Студент Лайф» лигасының редакторы Әділ Абенов, Қарағанды қаласының «Тәттімбет» жайдарман тобының мүшесі Жанкелді Ануархан, «Орталық» өңірлік қолбасшылығы ТжӘҚЖ басқармасының аға офицері подполковник Еркебұлан Каримов қазылар құрамында отырып, жайдарманшыларға баға берді.
Ойын соңында бөлім командирінің кубогін 2 атқыштар батальонының «Бір үйдің балалары» командасы иеленді.
ІІ орынды 9 атқыштар ротасының «9 ЖАР» әскери жайдарман кұрамасы, ІІІ орынды 3 атқыштар батальонының «Ұлт мақтаныштары» командасы жеңіп алды.
Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері.