Крещение мерекесі: суға түсу тәртібі қандай?
Мұзды суатта суға түсу (ғұсыл жасау) ережелері:
- Суға қатаң түрде жағаға жақын арнайы жабдықталған мұзды суаттарда түсу керек.
- Мұзды суатта суға түсер алдында жүгіру арқылы денені қыздырып, ширату керек.
- Мұзды суатқа аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен келу керек.
Мұзды суатқа жақындап бару үшін бәтіңке немесе жүн шұлығын киген дұрыс. Аяқты өткір тастар мен тұздан қорғайтын, сонымен қатар Сізді мұзда тайғанап кетуден сақтайтын арнайы резеңке тәпішкелерді қолдануға болады. Мұзды суатқа баратын жолдың тайғақ болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Ақырын және мұқият жүріңіз.
- Мидағы қан тамырларының рефлекторлық тарылуын болдырмау үшін басыңызды суламай, суға мойныңызға дейін түсіңіз. Мұзды суатқа ешқашанда басыңызбен сүңгімеңіз.
Суға секіру және толығымен суға бату дұрыс емес, өйткені ол дене температурасын төмендетеді және суықтан есеңгіреп қалуы мүмкін.
- Суға түсісімен өзіңізге қажетті тереңдікке тез жетуге тырысыңыз, бірақ жүзбеңіз. Сіздің денеңіз суыққа бейімделгеннен кейін суық судың толығымен қалыпты қауіпсіз жиіленген тыныс алуға әкелуі мүмкін екенін есте сақтаңыз.
- Дененің жалпы суып кетуіне жол бермеу үшін мұзды суатта 1 минуттан артық болмау керек.
- Суға түскеннен (ғұсылдан) кейін түкті орамалмен денені құрғата ысқылай сүртіп, құрғақ киім киіңіз.
- Иммунитетті және дененің суып кетпеу мүмкіндігін нығайту үшін ыстық шай ішу керек, бәрінен де жидектерден, жемістерден және көкөністерден термоста алдын ала дайындалған шай ішкен жақсы болады.
Мұзды суатта суға түсу (ғұсыл жасау) үшін орынды қалай дұрыс таңдауға болады?
Ағынының жылдамдығы 0,25 м/с аспайтын су қоймасы таңдалады. Мұзды суат болатын жердегі мұздың қалыңдығы кемінде 25 сантиметр болуы тиіс. Мұзды суаттың орны айлақтан, өзен құйылыстары мен ағынды сулардан қашықтықта таңдалады.
Мұзды суаттың түбінде жарақат тудыруы мүмкін бөгде заттар және тік беткейлері, балдырлары, шөгінділері немесе үлкен тастары болмауы керек, тегіс, құмды болғаны жақсы. Мұзды суат маңындағы жағалау екі бағытта да қозғалуға ыңғайлы болуы керек.
Автомашиналардың су қоймасының мұзына шығуына қатаң тыйым салынады.
Көпшіліктің қысты күнгі суға түсу орындарының жақсы жарықтандырылуын қамтамасыз ету керек, барлық электр және өрт қауіпсіздігі ережелері сақталуы тиіс.
Мұзды суат, мүмкіндігінше, желден қорғалған болуы керек, ал оған жақын жерде жылы үй-жай (киінетін бөлме) болуы керек.
Мұздың шағын алаңында бір уақытта 20-дан астам адамның болуына жол бермеу керек.
Мұзды суатты қалай дұрыс жабдықтау керек?
Ең алдымен, алаңды қардан тазарту керек, барлық жағынан суға еркін жақындай алатындай, оның аумағы купельдің көлемінен бірнеше есе үлкен болуы тиіс.
Мұзды суаттың оңтайлы өлшемі – 12 м². Мұндай мұзды суат бір уақытта бес адамға дейін сығылыспай және мұз жиегіне жанаспай өту үшін жеткілікті. Мұзды суаттың өлшемдері кемінде 3х3 метрді құрайды. Купель орналасатын жердегі тереңдік 150 сантиметрден аспауы тиіс.
Әдетте, суға түсу орны мұзға шығу үшін барлық қажетті ағаш төсемелермен, суға түсу үшін тұтқалар мен баспалдақтармен жабдықталуы тиіс. Купель жағадан жеткілікті қашықтықта орнатылады. Мұздың қалыңдығы кемінде 25 сантиметр болуы тиіс.
Мұзды суат ойығы біркелкі кесіліп, бүкіл периметрі бойынша тереңдетілуі керек. Мұзды суатты қар брикеттерінен жасалған қабырғамен қоршауға және «киім ауыстыратын бөлме» ретінде пайдалануға болады. Мұндай қоршау әдемі ғана емес, сонымен қатар желден де қорғайды.
Мұзды суаттың шетінің бұрышында немесе ортасында баспалдақ үшін өлшемі 60×60 сантиметр болатын ойықты кесіп алу керек. Суға түсуге және судан шығуға ыңғайлы болу үшін баспалдақтың саны кемінде бесеу болуы тиіс. Мұзды суаттың шетінде ағаш немесе металл баспалдақтар бекітіледі. Олар биіктігі 90 – 110 сантиметр болатын тұтқалармен жабдықталуы тиіс. Металл тұтқалар оқшаулағыш немесе брезент таспамен оралады немесе оларға резеңке шланг кигізіледі.
Рәсім өткізілетін жер қоршалуы тиіс. Мұзды суаттың айналасындағы кез келген қоршау (металл сым мен тордан, ағаштан, қардан, мұздан жасалған) оның шеттерінен 7-10 метр қашықтықта орнатылады. Бұдан басқа, көрермендер абайсызда суға түсіп кетпеуі үшін, ал суға түсетіндердің мұз астына түсіп қалмауы үшін мұз үстінен де және мұз астынан да мұзды суатты периметрі бойынша қоршау қажеттігі ұсынылады.
Мұз бетінде мұзды суаттың шетіне дейін торланған ағаш төсеме орнатылады. Төсеме берік болуы тиіс, ол адамның тайып кетуіне және суға құлап кетуіне мүмкіндік бермейтіндей мұз бетінде сырғып кетпеуі тиіс. Купельге баратын жол (соқпақ, жалғыз аяқ жол) мен төсеме қардан тазартылып, мұзы ойылып, топырақ себілуі тиіс.
Толығымен батырылмаған немесе мұзды суаттан алынбаған өткір жиектері бар мұз кесектері жарақаттануға себеп болуы мүмкін. Батырылған мұз кесектерінің кеін қарац мұзды суатта шығып қалуы жиі орын алады, ал суға түсуші адам оны байқамай, оған ұрынып қалуы мүмкін. Мұндай қауіптің алдын алу үшін мұзды суатты мұздан мұқият тазалап, суға түсу кезінде оны қадағалап отыру қажет.
Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті мен Қарағанды және Шахтинск епархиясы ОПШ бірлесіп, Қарағанды облысының дін істері басқармасы тарапынан әзірленді.