Қауіпсіздік шараларына сәйкес аймақта шомылу үшін ресми түрде 16 орын белгіленді.
Мереке кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы Дін істері басқармасының басшысы Жанболат Сектай, Қарағанды және Шахтинск Епархиясы Қарағанды Введен кафедралды шіркеуінің протоиерейі Ахия Рахымжанов және ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Мейрамбек Батырқұлов айтып берді. Брифинг Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өтті.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары дайындық іс-шараларын өткізді. Сүңгу орындары тексеріп, мұз өлшеді. Жаппай шомылу орындарындағы қоғамдық тәртіпті полиция қызметкерлері, құтқарушылар, дәрігерлер мен еріктілер қадағалайтын болады.
– Қазіргі уақытта облыс тұрғындары арасында шомылу кезінде жадынама әзірленіп, таратылды. Суды дұғалап тазарту рәсімін жасау үшін 16 шомылу орны бекітілді. Бірақ өтінімдер түскен сайын тізім өзгеретін болады. Қарағандыда бұл Федоров су қоймасы («Маяк» яхта клубы) және Введен шіркеуінің аумағындағы купель. Рәсім сағат 09:00-де басталады, – деді Жанболат Сектай.
Қауіпсіздік шаралары туралы Мейрамбек Батырқұлов еске салды. Ол шомылу тек арнайы жабдықталған жерлерде өтуі керек екенін түсіндірді.
– Егер жабдықталмаған жерге секіріп немесе абайсызда түссеңіз, адам мұздың астынан шыға алмай қалуы мүмкін. Сүңгу жүрек-қан тамырлары ауруы бар адамдар үшін қауіпті. Суық суға түспес бұрын кішкене физикалық жаттығулар жасау керек. Аяқ киім, сүлгі, құрғақ заттар, жылы шұлықтар, ыстық шай құйылған термос әкелу керек, – деді Мейрамбек Батырқұлов.
Суға түсерде алкогольді ішімдіктерді ішуге, секіруге тыйым салынады – әсіресе бұрыштап, сондай-ақ купельді өз бетінше жабдықтап, майналар жасауға болмайды. Алғаш рет суға сүңгитіндер баспен суға секірмеу қажет.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz