Жаңалықтар

«Креатив арқылы көкірекке тоқу керек»

Республика күні ол – ел болып егемендігімізді етене қастер тұтатын мейрам. Қайта жаңғырған Республика күнін қайтсек біз тағылымын толық танытып, жалпыұлттыққа айналдыра аламыз? Қайтсек бұл мереке елдің, ел-жұрт мерекенің рух байрағын биіктен желбіретеді? Оқшау ойы бар жерлес жастарымыздың осы сауалға жауабына «Орталықтан» төр бердік.

Сурет автордан

«Бірер жыл бұрын ұлттық мәртебесін алып, өмір салтымызға қайта оралған ұлық мерекеміз жайлы көп айтуға болады. Өте маңызды тарихи шешім болды деп ойлаймын өз басым. Мемлекет үшін маңызды мереке болған соң барлық мекемелерде міндетті түрде дәстүрлі іс-шаралар өте береді ғой. Түрлі акциялар мен челлендждер ұйымдастырылып жатады. Дегенмен, ұлттық мерекені тойлаудың креативті тұстарын қарастыруымыз қажет.

Біз қазір қарыштап дамып, күн сайын өзгеріп жатқан қоғамда өмір сүрудеміз. Мәселен, америкалық отбасылар бұл күнді асыға күтеді. Өйткені, отбасылық іс-шараларға көп көңіл бөлінеді. Бауырлас Түрік елі барлық жерге туларын іліп, мерекелік көңіл күйді ерекше сезінеді. Көп елдерде әскери шерулер өтеді.

Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін атмосферасын сезініп, Республика күнін жыл сайын асыға күтетін деңгейге жетсек, керемет емес пе?!

Ерекше креативті дүниелер арқылы қоғамды қызықтырып, сол идеялармен ұлттық идеологияны, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуіміз керек. Республика күнінің ұлтымыз үшін hәм болашағымыз үшін қандай маңызды екенін өскелең ұрпаққа жеткізе білу керек деп ойлаймын».

Асхат ҚАЖЫТАЙ,
«Әлемді жаяу аралаймын» жобасының авторы, марафоншы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button