Ресми

Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі?

Үкімет Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасыларына көрсетілетін көмек шараларын бекітті.

Сурет: сайт мұрағатынан

Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртаудың» ұжымдық шартына сәйкес, компания міндетті түрде қаза тапқан шахтердің отбасына 10 жылдық еңбекақысын төлейді.

Оған қоса ҚР Үкіметінің сайты көз жұмған жұмысшылардың жанұяларына көрсетілетін қолдау шараларының толық тізімін жариялады:

– компания қаражаты есебінен отбасыларға баспана сатып алу;

– моральдық зиян үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем;

– асырауында болған балаларға 18 жасқа толғанға дейін ай сайынғы сақтандыру төлемі (ЖОО студенті болса, 23 жасқа дейін);

– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалақысына байланысты ай сайынғы төлем;

– қамқорлықтағы адамдардың санына байланысты асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

– жұмыс берушінің қаражаты есебінен отбасылардың несиелерін өтеу;

– жерлеуге байланысты барлық шығындарды өтеу;

– қаза тапқандардың балалары мен жұбайларын жұмысқа орналастыру;

– 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысын төлеу;

– қаза тапқандардың жұбайлары мен балаларына санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беру;

– үйді пешпен жылытатын отбасыларға жыл сайын көмір бөлу.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету мәселелері ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button