Костенко шахтасында құтқару жұмыстары қалай жүргізілуде?

Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жасап жатыр. Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

Сурет: Ашық дереккөз

Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Іздеу жұмыстары электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық туғызуда.  

Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде. 

Авария орнында ашық жану ошақтары жоқ.

Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеуде, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.