Ресми

Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің толық тізімі қашан жарияланады?

Үкіметтегі баспасөз брифингінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов қаза тапқан кеншілердің толық тізімі қашан жарияланатынын айтты, – деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Aikyn.kz

– Қазір қаза тапқан 6 кенші кім екенін анықтап жатырмыз. ДНҚ сараптамасын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Содан кейін ғана тізімді жариялаймыз. Бұл жұмыс 3-4 күнді қажет етеді, – деді ол.

Министрдің айтуынша, алғашқы 40 кеншінің денесі бірден табылған.

– Соңғы табылған кеншінің мәйіті бөлшектеніп кеткен. Сондықтан ДНҚ сараптамасы қажет, – деді ол.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button