Бас тақырып

АМТ-ның 34 қызметкеріне жарылыстан кейін елден шығуға тыйым салынды

Костенко атындағы шахтадағы жарылыстан кейін кәсіпорынның 34 қызметкеріне шетелге шығуға тыйым салынды. Бұл туралы жұмысшылар тек әуежайда білген, деп хабарлайды ortalyq.kz Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: сайт мұрағатынан

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қызметкерлері Informburo.kz редакциясына хабарласып,көптеген қызметкерлерге себебін түсіндірместен және ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеме алмастан, елден шығуға тыйым салынғанын мәлімдеді.

«Тергеуші ескертпестен тыйым салды, болды. Тыйым салу туралы көбі тек әуежайда білді, өйткені тергеушінің бұл әрекеті еш жерде көрсетілмеген. Қарағандының тергеу органдарына хабарласқан соң, екі күннен кейін олар шахтаға хат жолдады. Қарағанды ​полиция басқармасы тергеушісінің бұл әрекеті немқұрайлылық па, әлде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін білмеушілік пе? Ақша жоғалды, демалыс бұзылды», – дейді жұмысшылар.

– Тергеуші істі дұрыс тексеру үшін, қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті. Істің барлық мән-жайларын зерттей отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы «АМТ» АҚ басқарушы компаниясының бірқатар қызметкерлерінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына шектеу қою шараларын қабылдады, – деп түсіндірді Қарағанды ​​облысының прокуратурасы.

Материалды әзірлеген І.Дүнгенбайұлы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button