Костенко атындағы шахтада түтіндеу оқиғасы орын алды
Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтаның К3 қабатының 4 конвейерлік штрегінде түтін шықты. 187 кенші шұғыл түрде жер бетіне шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Түтін шығуының алдын-ала себебі төменгі кенептің ролигіне бөгде зат қысылып қалған. Салдарынан ол тежеліп қалып, лента үйкелісі пайда болған.
Конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосановтың күшімен алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, түтіндеген аумақ заласыздандырылды.
Кенші оқиға туралы хабарлаған сәтте шахтаның диспетчерлік бөлмесінде түтін туралы хабарлау жүйесі іске қосылған.
Сағат 19:45-те датчиктің дабыл қағуына байланысты түтіннің себебін жоюға қарамастан, эвакуациялау жоспарын енгізу және басқа көкжиектердегі шахталарда болған 194 кеншіні шығару туралы шешім қабылданды.
Сағат 21:47-дегі жағдай бойынша, 187 кенші жер бетіне шығарылды, учаске басшылары мен бақылаушылар қатарынан 7 қызметкер оқиғаны бақылау және шахтаның тіршілігін қамтамасыз ету үшін сол жерде қалды.
Жоспарлы эвакуациялау барысында КӘАҚҚ-ның 6 бөлімшесі, сондай-ақ облыстың ТЖД жеке құрамы оқиға орнына шақырылды. Барлық жедел қызметтер мен шахта қызметкерлері жедел және кәсіби түрде жұмыс істеді.
— Мән-жайды бағалау жүргізілгеннен кейін 4 ауысымның жұмысын қайта бастау туралы шешім қабылданады, – делінген Qarmet компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz