Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша ЖАДЫНАМА

Құрметті азаматтар!

 

Әлемдегі короновирустық инфекция бойынша жағдайға байланысты, оның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығың сақтау үшін келесі алдын алу шараларын ұстануыңызды  сұраймыз:

  • вирустық аурулар белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты болдырмау (жөтел, түшкіру, мұрын шырышты қабатының қабынуы, дене қызуының көтерілуі);
  • дене қызуын күніне 2 рет мүмкіндігінше өлшеу қажет;
  • тұрғын үй жайларын тәулігіне 2 рет желдету;
  • тұрғын үй жайларын ылғалды жинау кезінде дезинфекциялау заттарды (құрамында хлор бар заттар, 70% спирт, сірке қышқылы, лимон қышқылы, сода) қолдану қажет;
  • жеке гигиенаны сақтау (жеке сүлгі, сабын, ұстара құралдарын пайдалану және т. б.);
  • қолды сабынмен жуу (әжетханаға барған, қол алысқаннан, көшеден оралғаннан кейін, сондай-ақ тамақ дайындаудан бұрын);
  • қоғамдық орындарда жүргенде көз, мұрын және ауызға қол тигізбеңіз, өйткені лас қолдың жанасуы вирустың шырышты қабатқа түсуіне ықпал етеді;
  • адамдар көп жиналатын жерлерге барғаннан және көшеден қайтқаннан кейін мұрын мен ауыз қуысын (мұрын-жұтқыншақ) әлсіз сода ерітіндісімен шаю;
  • жөтелу және түшкіру кезінде ауызды бір рет қолданылатын майлықтармен немесе орамалмен жабу, содан кейін қолды сабынмен мұқият жуу немесе спирт ерітіндісімен немесе дезинфекциялық сулықтармен өңдеу қажет, содан кейін залалсыздандыру қажет;
  • қоғамдық орындарда жөтеліп немесе түшкіріп жатқан адамдарымен қарым-қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болмаған жағдайда кемінде бір метр қашықтықта дистанцияны сақтау;
  • ЖРВИ белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, көбінесе құрғақ жөтел, қалтырау, денедегі қақсау, мұрын шырышты қабатының қабынуы және т. б.) үйде қалу өзін-өзі емдеумен айналыспау және міндетті түрде жедел медициналық көмек шақыру қажет;
  • короновирустық инфекция бойынша қосымша кеңесті call – орталыққа 1406 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып алуға болады.

Халықтың жаппай жиналатын орындары – короновирустық инфекция бойынша эпидемиялық жағдайдың шиеленісуі мүмкін болған кезеңде қоғамдық денсаулық сақтау саласында эпидемиялық төтенше жағдайлардың туындауына ықпал ететін объектілер.

Бұл объектілердің короновирустық инфекция бойынша эпидемиялық маңыздылығын төмендету және халық арасында таралып кету қаупін алдын алу мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтай отырып, олардың қызметін шектеу, сондай-ақ казармалық жұмыс режиміне ауыстыруға дейін олардың қызметін уақытша тоқтату жолымен төмендетуге болады.

 

 

Халық арасында короновирустық инфекцияны жұқтыру қаупіне неғұрлым жиі ұшырайтын топтар – қызметі халықаралық және жергілікті көлік қатынасымен, жолаушылар тасымалымен айналысатын, келушілерді тексеріп қарауды, оларды бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар; медициналық көмек көрсету және күтім жасау барысында, короновирустық инфекциямен ауыратын науқастармен немесе жұқтырғандармен тікелей жанасуға мәжбүр, сондай-ақ олардың биоматериалымен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері; діни нысандарына келушілер (мешіттер, шіркеулер, храмдар, жерлеу үдерістері және т. б.); нашар желдетілетін, тығыз, қараңғы, ылғал үй-жайларда орналасқан қамау орындарындағы тұтқындалғандар, аталған адамдар топтары короновирустық инфекцияның одан әрі таралуына ықпал етеді.

 

Обсерваторда оқшауланған 1 санатқа жататын (04.03.20 ж. № 12 ПГС), содан соң медициналық бақылаумен қамтылатын тұлғалар төмендегі талаптарды орындауы қажет:

  • обсервацияланған тұлғалар орналастырылған палаталарды күніне кемінде 2 рет желдету қажет;
  • обсерватор үй-жайларында күнделікті ағымдағы дезинфекция жүргізу;
  • обсервацияланғандар жеке қорғану құралдарына (қолғаптар мен бет маскасы), дезқұралдарға алдын алу шараларын сақтау үшін қол жетімді болу керек;
  • дене қызуын күніне 2 рет таңертең және кешке өлшеу;
  • жеке гигиенаны сақтау (жеке: сүлгі, сабын, тіс пастасы, ұстара аспаптары және т. б.);
  • жөтелу ережесін сақтау (жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен аузды жеңге басу немесе бір рет қолданылатын майлықтармен жабу, немесе орамал қолдану, оларды қолданғаннан кейін обсерватордың эпидемияға қарсы ережесінің көзделген шарттарына сәйкес жойылуға жатады, содан кейін қолды сабынмен мұқият жуу қажет);
  • обсервацияланған тұлға бір палатада жөтеліп және түшкіріп жатқан адамдардан кемінде бір метр қашықтықты сақтауы қажет;
  • мұрын-жұтқыншақ қуыстарын мүмкіншілігінше жиірек әлсіз сода ерітіндісімен шаю және содан соң қолды сабынмен мұқият жуу немесе спирттік негізде антисептикті қолдану;
  • обсервацияланған тұлға жалпы дәретхананы пайдаланғаннан кейін унитазды дезертінділерімен өңдеу қажет, оның қолданған гигиеналық заттары жойылуға тиіс;
  • обсервацияланғандардың барлық қалдықтарың арнайы пакетке жинау, кейіннен биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жою;
  • короновирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары болу себебінен обсервацияланған тұлғаларға басқа адамдардың келіп кездесуіне үзілді-кесілді тыйым салынады;
  • обсервацияланғандарға туыстары бірінші кезектегі қажетті заттарды (жеке заттар, азық- түлік, киім және т. б.) жеткізуді санитарлық өткізгіш арқылы обсерватордың эпидемияға қарсы режимінің көзделген шарттарына сәйкес іске асырады;
  • обсервацияланғандарда ауру белгілері пайда болғанда (дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел, қалтырау, мұрын, дене қақсауы және т. б.) медицина қызметкерлері обсерватор үшін арнайы әзірленген хабарлау схемасы бойынша ақпарат береді немесе жедел жәрдем шақырады;
  • обсервацияланғандар қосымша кеңес алу үшін кезекші медицина қызметкерлеріне жүгінеді, сондай-ақ күдікті жағдайлар мен жетіспейтін медициналық көмек туралы оларға хабарлай алады.