Covid-19Ресми

Коронавирус – киіммен де таралады

«Коронавирус киімде үш күнге дейін өмір сүре алады. Оның ішінде полиэстерден жасалған киімдер вирусты ұзақ уақыт сақтайды» деп ескертеді ғалымдар.

Лестер қаласындағы Де Монфор университеті коронавирустың үш матада: полиэстер, поликоттон және мақтада қанша өмір сүретінін зерттеген.

 Полиэстер вирустың 72 сағатқа дейін өмір сүруіне мүмкіндік беретіні белгілі болды. Ал 100 пайыз мақтада 24 сағат ішінде өледі екен. Поликотон гибридінде алты сағат бойы тіршілік ете алатындығы белгілі болды.

Ғалымдар тобының жетекшісі Доктор Лэрд: «Пандемия алғаш басталған кезде коронавирустың киімде қанша уақыт өмір сүре алатындығы жайында мәліметтер аз болды. Біздің зерттеу нәтижелеріміз тоқыма өнеркәсібінде жиі қолданылатын үш мата вирустың таралу қаупін тудыратынын көрсетті».

Зерттеушілер үйдегі кір жуғыш машиналар бүкіл вирусты жоя алмайтындығы анықтаған. Тек детергенттер мен судың температурасы кем дегенде 67°C болған кезде ғана вирус толығымен инактивацияланатындығы белгілі болды.

Ғалымдардың тұрмыстық кір жуғыш машиналарында жоғары температурада киімдерді жуу вирусты жояды, бірақ бұл адамдардың киімдері жуғанға дейін үйде немесе автокөліктер мен басқа жерлерде коронавирустың бөлшектерін қалдыру қаупін жоймайтындығын мәлімдеді.

 

Басқа материалдар

Back to top button