Қарқаралы
Кооперативтер құрылуда
Қарқаралы ауданында кооперативтер көбейіп келеді. Жуырда Ынталы және Угар селолық округтерінде мал бордақылау және сүт өндіру бағытындағы қос кооператив құрылды.
«Ынталы-Агро» және «Ақбұлақ-Агро» деп аталатын бұл кооперативтер бүгінде тиісті құжаттарын рәсімдеп, жұмысқа кірісті. Қазіргі таңда «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ облыстық филиалымен тығыз байланыс орнатып, жеңілдетілген несие алу бойынша қажетті шараларды атқаруда.
Сағыныш ӘБІЛОВА
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.