Конвенция жүктеген міндет ауқымды

ТМД елдерімен өзара іс-қимыл Минск қаласында және 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында қол қойылған 1993 жылғы 22 қаңтардағы Конвенциялар шеңберінде жүзеге асырылады.
2023 жылғы 28 маусымнан бастап, Ресей Федерациясы үшін 2002 жылғы Конвенция күшіне енді, 2002 жылғы Конвенцияның 120-бабының 3-тармағына сәйкес Конвенцияға қатысушы мемлекеттер арасында 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция және 1997 жылғы 28 наурыздағы Хаттама қолданысын тоқтататыны мәлімет үшін хабарланады.
Басқа елдермен өзара іс-қимыл халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады (Қытай, ҚХР, Түркия, Үндістан, Болгария, Германия, Литва, Латвия, Пәкістан, Моңғолия және т.б.).
2023 жылдың 29 желтоқсанында Украина өзінің жазбасында Конвенциялардан шығатынын мәлімдеді.
Осыған байланысты қазіргі уақытта Украинамен хат алмасу сыпайылық пен өзара қарым-қатынастың халықаралық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Ресей Федерациясымен және Өзбекстан Республикасымен құжаттарды жіберу тікелей ведомстволық бағынысты аумақтық әділет органдары арқылы, сондай-ақ, 2002 жылғы Конвенциялар шеңберінде АХАТ органдары арқылы жүзеге асырылады.
Қарағанды облысының әділет департаменті