Ресми

Конституцияның 30-бабында неке мен отбасыға қатысты негізгі қағидалар айқындалған

2026 жылғы жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Конституциясының 30-бабында неке мен отбасыға қатысты негізгі қағидалар айқындалған. Бұл нормалар әрбір отбасы үшін маңызды. Алты баланы тәрбиелеп отырған біздің отбасымыз үшін де бұл баптың мәні ерекше. Балаларымызға сапалы тәрбие беріп, оларды жауапкершілікті, елжанды азамат етіп өсіру біздің басты міндетіміз.

Өз кезегінде, Конституция отбасының қорғалуына кепілдік береді. Атап айтқанда:
Неке және отбасы мемлекет қорғауында болады.
Неке – ер мен әйелдің заң бойынша тіркелген ерікті және тең құқықты одағы ретінде танылады.
Баланы тәрбиелеу және оған қамқорлық жасау ата-ананың негізгі құқығы әрі міндеті.
Кәмелетке толған, еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
Бұл бап отбасының қоғамдағы маңызын нақтылап, ата-ана мен бала арасындағы өзара жауапкершілікті бекітеді. Конституция жобасы 2026 жылғы 15 наурызда референдумға шығарылды.

Меруеш БАШАЙ
Қарағанды облысы мәслихатының депутаты

Басқа материалдар

Back to top button