Ресми

Конституциялық референдум – еліміздің дамуындағы маңызды кезең

Конституциялық референдум – еліміздің дамуындағы маңызды кезең болды. Ұсынылған өзгерістер әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, заңның үстемдігін күшейтуге және азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Бұл – басқару жүйесінің ашық әрі теңгерімді моделін қалыптастыруға жасалған нақты қадам.

Сурет автордың жеке мұрағатынан

«Qarmet» акционерлік қоғамының еңбек ұжымы үшін әлеуметтік қорғау, еңбек қауіпсіздігі және жұмысшылардың құқықтарын сақтау мәселелері айрықша маңызға ие. Кездесулер мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында қызметкерлер белсенділік танытып, сауалдар қойып, өзгерістердің келешегін талқылады. Бұл металлургтердің жоғары азаматтық жауапкершілігін көрсетеді.

Конституция нормалары тек қағаз жүзінде қалып қоймай, іс жүзінде жүзеге асуы маңызды. Олар адамдардың игілігіне, өндірістің дамуына және әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына қызмет етуі тиіс.

Қабылданған шешімдер еліміздің одан әрі дамуына және қоғам мен мемлекет арасындағы сенімнің артуына берік негіз қалайды деп сенемін.

 Олжас ӘДІЛОВ

«Qarmet» акционерлік қоғамындағы «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы 

Басқа материалдар

Back to top button