Конституциялық комиссия құрылған соң, Жалпыхалықтық референдум өтеді
Президент Құрылтайда Конституциялық комиссия құрылған соң, Жалпыхалықтық референдум өтетін уақыттың белгіленетінін айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz baq.kz -ке сілтеме жасап.

– Жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз. Әлемдегі ахуал тым шиеленісіп тұрғанына қарамастан біз елімізде күрделі әрі түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырдық. Халықтың қамы, мемлекеттің мүддесі – мен үшін баға жетпес құндылық. Алдағы уақытта да елімізді дамытып, тәуелсіздігімізді дамыта түсу жолында бар күш-жігерімді салып еңбек ете беремін, – деді Президент.
Мемлекет басшысы сондай-ақ ертең маңызды Жарлыққа қол қоятынын айтты.
– Мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы Жарлыққа ертең қол қоямын. Комиссия құрамына 100-ден астам адам кіреді. Оның ішіне Ұлттық құрылтай мүшелері, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес мүшелері кіреді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



