Бас тақырыпРесми

Конституциялық комиссия екінші отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдері бойынша нормаларды талқылады

Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық комиссия отырысында «Құрылтай» және «Халық кеңесі» бөлімдеріне қатысты ұсынылып отырған нормаларға тоқталды.

сурет Конституциялық реформа телеграм каналынан

Оның айтуынша, бір палаталы Парламентке көшуге байланысты Конституцияның «Парламент» бөліміне елеулі өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, Парламенттің құрылуы, сайлануы, құзыреті мен заң қабылдау тәртібіне қатысты бірқатар баптар қайта қаралып, кей нормалар толықтай алынып тасталады.

Жобаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Құрылтайы заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган ретінде айқындалады. Құрылтай 145 депутаттан тұрып, олар біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционалды жүйемен сайланады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Сондай-ақ отырыста Құрылтай депутаттарын сайлау мерзімі, дауыс беру тәртібі, Құрылтай Төрағасын сайлау және кандидаттарға қойылатын талаптар талқыланды.

Сонымен қатар, Президент бастамасымен құрылатын Қазақстан Халық кеңесіне қатысты жеке бөлімді Конституцияға енгізу ұсынылды. Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, бұл Халық кеңесінің жоғары консультативтік орган ретіндегі маңызын арттырады. Халық кеңесі азаматтардан құралып, оның құрамы, өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыру тәртібі Конституциялық заңмен айқындалады.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button