Конституцияда волонтёрлікті бекіту – адамдарға көмектесетін жандарға көрсетілген құрмет
Жаңа Конституцияда волонтёрлік пен қайырымдылыққа қатысты нормаларды бекіту қарастырылған. Бұл барлық волонтёрлер үшін үлкен қуаныш. Бұл туралы Астанада Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен өткен «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» кездесуінде «AMANAT» партиясының Қарағанды облысы бойынша Әйелдер қанатының жетекшісі Зара Шалабаева айтты.

Ол өз сөзінде жаңа Конституцияда волонтёрлік пен қайырымдылық нормаларын бекіту мемлекет адамдарға көмектесетін және өзгелерге қамқорлық танытатын жандарды бағалайтынын дәлелдейтінін атап өтті.
«Мен волонтёрлікпен 15 жылдан бері айналысып келемін. Лауазым үшін емес, мәртебе үшін емес, жай ғана өзгенің қайғысына бейжай қарай алмайтындықтан. Бүгінде біздің тұрақты қамқорлығымызда 75 отбасы бар. Бұл жай ғана сандар емес. Бұл – аналар, балалар, қарт адамдар», – деді Зара Шалабаева.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



