Ресми

Конституция жобасының республиканың сыртқы саясатының құқықтық аспектілеріне қатысты ережелері түсіндірілді

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мәлімдеуінше,  Астанада дипломатиялық корпус үшін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасы мен мүшелерінің қатысуымен Комиссия жұмысының қорытындылары туралы брифинг өтті. Шараға Қазақстанда аккредиттелген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 80 өкілдігінің елшілері мен басшылары қатысты. Брифинг барысында Конституция жобасының республиканың сыртқы саясатының құқықтық аспектілеріне қатысты ережелері түсіндірілді. 

Сурет Конституциялық Сот

Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов: «Конституциялық инновациялар мемлекетіміздің халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарына және еліміздің дамуының жаңа кезеңіне көшудің қазіргі жағдайындағы ұлттық басымдықтарға деген ұмтылысын жан-жақты көрсетеді. Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастық моделінің негізінде БҰҰ Жарғысының негізгі қағидаттары және барлық қабылданған халықаралық міндеттемелерді адал орындау жатыр», – деп атап өтті.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button