Жаңалықтар

Конституция жобасында отбасы және неке нормалары талқыланды

Астана қаласында «SARAP» эксперттік клубының «Өзгерістер кезеңіндегі отбасы: әлеуметтік трансформацияға Конституция тұрғысынан жауап» атты отырысы өтті. Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Жиынға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, академиялық қауымдастық өкілдері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар және Астана қаласындағы Отбасын қолдау орталығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының 30-бабындағы неке, отбасы, ана, әке және бала мәселелері талқыланды. Сарапшылар тақырыпты әлеуметтанулық зерттеулерге сүйене отырып қарастырды.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова жаңа норманың некенің құқықтық мәртебесін айқындап, қазіргі әлеуметтік өзгерістер жағдайында отбасына жаңа құндылық бағдарын беретінін атап өтті.

ҚҚДИ Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы Ақнұр Иманқұл Қазақстан отбасыларының әлеуметтанулық портреті туралы баяндама жасап, қазіргі отбасы институтының әлеуметтік өзгерістерге бейімделіп келе жатқанын айтты.

Әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Забирова отбасының трансформациясы мен некенің құқықтық анықтамасын қайта қараудың қажеттігін атап өтті. Жаңа Конституция жобасында некенің ер мен әйел арасындағы ерікті одақ ретінде бекітілуі құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді.

Ұлттық эксперт демограф Аяулым Сағынбаева балалардың ата-анасының некеде болу маңызды екенін және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін айтты. Сарапшылар отбасы туралы нормалар тек ер мен әйелге ғана емес, балалардың құқықтары мен әл-ауқатына бағытталуға тиіс екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, отырыста отбасы институтының трансформациясы, мемлекеттің отбасы саясатын іске асырудағы рөлі және конституциялық реттеу мен әлеуметтік практикалардың арақатынасы талқыланды. Қатысушылар эмпирикалық деректерді пайдалану маңызды екенін де атап өтті.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button