АймақШахтинск

Шахтинск қаласында Конституция жобасына бағытталған жиын өтті

Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбековтің төрағалық етуімен Қазақстан Конституциясының жаңа жобасын талқылаған актив жиналысы өтіп, оған қалалық мәслихаттың депутаттары, қала аумағындағы кенттердің әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жиынға қатысушылар Ата заңымыздың жаңа нұсқасындағы түбегейлі өзгерістер мен толықтыруларды талқылап, соған байланысты өз ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, осы жобаны талқылау барысында сөз сөйлеген “Аманат” партиясы қалалық бөлімшесінің атқарушы хатшысы Алмас Омарбеков, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Әмина Сәтова, қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі Алексей Верзаев, “Видергебург” ҚҰ қалалық бөлімшесінің төрайымы Кристина Самослелова, қалалық мәслихаттың депутаты Тимур Шәкенов Конституциямыздың осы жобасы мемлекеттік басқару жүйесін, аймақтар мен азаматтық қоғам институттарының, депутаттық корпустың ролін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуын кеңейтуге бағытталған жаңаша көзқарасты білдіретінін айтты.

Олар осыған байланысты барлық мүдделі тараптардың халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізгенде ашық әңгіме мен ақпараттың қолжетімділігін, олардың болып жатқан жаңартуларға атсалуын қамтамасыз етулері маңызды екенін де еске салды.

Ержан ИМАШ,
ШАХТИНСК

Басқа материалдар

Back to top button