АймақБұқар жырау

Конституция жобасы Қоғамдық кеңесте талқыланды

Бұқар жырау ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында еліміздің жаңа Конституциясының жобасы талқыланды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл жиынды аталған Қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Байғожин ашып, жаңа Ата заңымыздың қабылдануы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екендігін, келешекте ел болашағын айқындайтын ең басты құжат болатынын атап өтті.

Бұдан кейін сөз алған Қоғамдық кеңес мүшелері Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, жоба нұсқасын жан-жақты қарастырды.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button