Ресми
Конституция жобасы – әділетті Қазақстанды құру жолындағы берік тұғыр
Астана төрінде елдік маңызы зор тағылымды кездесу өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумы ұйымдастырылуы ел дамуы жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Бұл форумға республикамыздың әр өңірінен халық сенімін арқалаған депутаттар жиналып, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін талқылайды. Жергілікті өкілді органдардың рөлі артып отырған қазіргі кезеңде мұндай басқосулардың маңызы айрықша.
Жаңа редакциядағы Конституциямыз – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы берік тұғыр. Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ел басқару жүйесін жаңғыртып, халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігін кеңейтті. Мәслихаттардың құзыреті күшейіп, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілді. Бұл – азаматтардың үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын нақты іске асырудың көрінісі.
Осындай жауапты кезеңде өтетін форум депутаттық корпустың тәжірибе алмасуына, ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға берілген маңызды алаң. Халықтың аманатын арқалаған әр депутат үшін бұл үлкен жауапкершілік әрі зор сенім.
Еліміздің әр өңірінен жиналған халық қалаулыларының ортақ мақсаты тұрақты даму, әділетті қоғам және болашаққа нық қадам басқан қуатты Қазақстанды бірге қалыптастыру.
Меруеш БАШАЙҚЫЗЫ
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты



