Бас тақырыпРесми

Конституция жобасы бойынша 10 мыңнан астам өтініш түсті

Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның ХІІ отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова мәлімдеді.

Сурет Конституциялық Сот

– Бүгінге дейін Конституциялық комиссияның атына 10 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл – комиссия мүшелерінің, азаматтардың, азаматтық қоғам өкілдерінің, сарапшылар қауымдастығының, бизнес құрылымдарының және өзге де мүдделі тараптардың ұсыныстары. Әрбір бағыт бойынша құқықтық және мазмұндық талдау жүргізілді. Ұсыныстар олардың негізділігі және іске асырылу мүмкіндігі тұрғысынан бағалануда. Мұндай белсенділік қоғамның жоғары деңгейдегі қатысын айқын көрсетеді және жаңа Конституция жобасын талқылаудың шынайы ашық әрі мазмұнды сипат алғанын дәлелдейді, –  деді Эльвира Әзімова.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button