ЖаңалықтарРесми

Конституция – мемлекеттің құқықтық іргетасы

Конституция – мемлекеттің құқықтық іргетасы, ал оны жаңарту – болашақ алдындағы үлкен жауапкершілік. Ұсынылып отырған жаңа конституциялық жоба елдің дамуына ұзақ мерзімді бағдар беретін, уақыт талабына сай ойластырылған бастама ретінде бағалаймын.

Сурет www.election.gov.kz

Бұл өзгерістер бүгінгі мәселелерді шешумен шектелмей, келер ұрпаққа берік құқықтық негіз қалдыруды көздейді. Сондықтан қоғамның бұл үдеріске бейжай қарамай, белсенді түрде қатысуы – демократиялық мәдениеттің маңызды көрінісі.

Жаңа конституциялық жоба – бұл таңдаудың мәні тек мәтінді өзгерту емес, мемлекеттің даму бағытын айқындау. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – ел болашағына қатысты ортақ әрі жауапты шешім.

Л. ДҮЙСЕНОВА
Абай аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі

Басқа материалдар

Back to top button