Бас тақырып

Конституция – мемлекетіміздің мызғымас іргетасы

Сурет: kazgazeta.kz

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды алда келе жатқан Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Конституция – еліміздің ең бас­ты Заңы, ең негізгі құндылығы. Сол себепті, Ата Заңымыздың әр тармағы, әр бабы алдында біз жауаптымыз және оған құрметпен қарауымыз қажет.

Ол еліміздегі бейбіт өмір мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етіп, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналды. Тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етті. Ал осы алаңсыз өміріміздің басты кепілі – Ата Заңымыз Конституция!

Конституция – біздің негізгі Заңымыз, мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымас іргетасы! Ол азаматтарға негізгі құқықтар мен бостандықтарға кепілдік береді. Конституциялық нормалардың зор әлеуеті біздің қоғамның бүгінгі жетістіктері мен табыстарының негізі болды.

Сіздерді осы үлкен мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтай отырып, Отанымызға тыныштық, әр отбасыға амандық пен бақыт тілейміз!

Мереке құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі

Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button