Енді екі күннен кейін еліміздің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанына 30 жыл толады. Соның қарсаңында Топар кентінің көпшілік кітапханасының қызметкерлері кітап көрмесін ұйымдастырып, “Айбыны асқақ Ата заң” атты музыкалық-патриоттық кеш өткізді.

Бұл күні кітапханаға келген оқырмандар Конституциямызға қатысты кітаптар қойылған көрмемен танысып, кеште Отан, туған жер туралы өлеңдер оқып, әндер шырқады. Ал кітапханашылар егеменді еліміздің Ата заңының басты қағидаларын сөз етіп, оның іс жүзінде қалай жүзеге асып жатқанын әңгімеледі.
Ержан ИМАШ,
Абай ауданы