АймақШахтинск

Конституция күні қарсаңында

Биылғы 30 тамызда еліміздің негізгі заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толады. Соның қарсаңында Шахтинск қаласында көптеген игі шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Осы шаралар барысында қаланың барлық кітапханаларында Конституция күніне арналған кітап көрмелері ұйымдастырылып, 14 тамыздан бастап қалалық Жастар ресурстық орталығының волонтерлері “Конституцияға 30 жыл – 30 қайырлы іс” акциясы аясында аз қамтылған және тұрмысы нашар отбасыларының үйлеріне азық-түлік салынған себеттер жеткізіп жүрсе, енді бүгін жергілікті өнерпаздар қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарына, оның аумағына кіретін кенттерге гастрольдік сапармен барып, концерттер қояды.

Сондай-ақ, Ата заңымыздың айтулы мерейтойы алдында қалалық әкімдік бүлдіршіндері балабақшаға баратын көпбалалы 309 отбасына 18 миллион 540 мың теңге бөліп, олардың әрқайсына 60 мың теңгеден береді.

Бұдан бөлек “Тентек” денешынықтыру-сауықтыру кешенінде волейболдан турнир болып, қалалық Мәдениет үйінде Конституция күніне арналған мерекелік салтанат өтіп, соған байланысты көптеген адамдар марапатталады.

Ал, 30 тамызда Шахтинск аумағындағы Шахан, Долинка, Жаңа Долинка кенттерінде де Конституция мен Шахтер күндеріне арналған мерекелік шаралар өтіп, Шахтинскінің “Қарлығаш” және “Шапағат” аула клубтарында викториналар, түрлі ойындар ұйымдастырылады. Қалада кір тасын көтеру, шағын футбол, волейбол ,армрестлингтен жарыстар қызып, кешкісін қалалық Мәдениет үйінде жергілікті өнерпаздар “Конституция – еліміздің гүлденуі мен дамуының негізі” тақырыбында әзірлеген әдеби-музыкалық композициясын шахтинскіліктер мен қала қонақтарына ұсынады.

Ержан ИМАШ,
ШАХТИНСК

Басқа материалдар

Back to top button