Ресми
Конституция – ел бірлігінің берік тұғыры
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің басты құжаты, тәуелсіздігіміздің айғағы және ел бірлігінің кепілі. Ата Заңымыз әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғай отырып, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етеді.

Жаңа Конституция жобасын қолдау – бұл еліміздің болашағына, әділетті қоғам құру жолындағы ортақ ұстанымымызға деген сенімнің көрінісі. Әрбір азамат заң үстемдігін құрметтеп, Ата Заң қағидаларын басшылыққа алған кезде ғана мемлекетіміз нығайып, өркендей береді. Біз Конституция құндылықтарын қолдай отырып, бірлігімізді бекемдеп, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосамыз.
Жанара ТАЩАНОВА
Теміртау қаласы “№12 ЖББМ” КММ директоры



