Жаңалықтар

Комплаенс бақылау жүзеге асырылуда

Жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Қарағанды су қоймалары» ҚММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жұмысы жандануда.

30 мамырда комплаенс қызметінің жұмысы талқыланды. Комплаенс-офицер Г.Аринова сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің мақсат-міндеттеріне тоқталып, атқарылған жұмыс бойынша баяндады. Комплаенс қызметі – кәсіпорында, жемқорлыққа, алаяқтыққа, заңсыздыққа және қызметкерлердің этикалық тәртіп нормаларын бұзуға жол бермеудің бірден бір жолы екенін атап өтті.

Комплаенс қызметіне жемқорлыққа қарсы заңнамаға және жемқорлыққа қарсы стратегияны да, іс-шаралар жоспарының сәйкестігін де жан-жақты бақылау кіреді. Талқылауда тиімді комплаенс бақылау кәсіпорын қызметінің ашықтығын және оған деген сенімді қатынасты қамтамасыз ету туралы тұжырымдама жасалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тәуелсіз комплаенс-қызметтерді енгізу – квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың үздік әдістерінің бірі. Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысындағы назарды жазалау шараларынан алдын алу шараларына ауыстыру өте ұтымды табылған шешім деп ойлаймыз.

Г.АРИНОВА,

«Қарағанды су қоймалары» ҚММ

комплаенс-офицері.

Басқа материалдар

Back to top button