Жаңалықтар

Компания межесі – биік

Биыл «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 4,2 млн. тонна көлемінде болат өндіруді жоспарлап отыр. Компания 305 млрд. теңге сомасында инвестиция қатысуымен үш жылдық даму бағдарламасын қабылдады. Оның 100 млрд. теңгесі өткен жылы игерілді.

Облыс бойынша, мыс өндірісін 390 мың тоннаға жеткізу жоспарланған. Бұл былтырғы жылға қарағанда 54 мың тоннаға артық. Жалпы, өндіріс көлемін ұлғайтудағы басым үлес «Қазақмыс» корпорациясы, «Коунрад» компаниясы және жаңа «Sary-Arka Copper» кәсіпорындарына тиесілі. Сонымен қатар, көмір өндіруді 40 млн. тоннаға дейін көтеру жоспарлануда.

Осы жылы облыста жалпы құны 140 млрд. теңге болатын 11 инвестициялық жоба іске қосылмақ. Жобаларды жүзеге асыру арқылы аймағымызда 1200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Осы жылы өңдеу өнеркәсібіндегі алты ірі зауыттың құрылысы басталады. Оның төртеуінің құрылысы «Сарыарқа» АЭА аумағында жүргізіледі.

Басқа материалдар

Back to top button