Ресми

Комиссия құрамы сайланды

Қарағанды облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамы сайланды. Бұл облыстық мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында қаралды. Мәслихат төрағасы Нұркен Кобжановтың төрағалығымен өткен сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын, облыстың басқармалары, департамент басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Сайлау комиссиясының мүшелерін іріктеу үшін облыстық мәслихатта сайлау уақытша жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобы комиссия мүшелеріне үміткерлер ұсынған құжаттар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестік ұсынған кандидатураларды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін анықтау мәніне тексеру қорытындыларды зерделеген. Жұмыс тобының отырысы өткізіліп, кандидатураларды қарастыру қорытындысы бойынша хаттама жасалған. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша жұмыс тобының төрағасы М.Әбілов баяндады.

Облыстық мәслихатқа саяси партиялардан 7 ұсыныс және «Білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінен 1 ұсыныс түскен. Атап айтқанда, «Ақ жол» партиясынан кандидатурасын ұсынған – Гаухар Токушева. Ал, «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясынан – Сандуғаш Асылбекова. «Respublika» партиясынан Айғаным Ақпанова болса, Қазақстан халық партиясынан кандидатурасын ұсынған Саян Есмағанбетов. «AMANAT» партиясынан – Қайрат Нұркенов, «Байтақ» жасылдар партиясынан – Гүлнәрайым Қаңтарбекова кандидатурасын ұсынған. Евгений Русаков болса Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан. Ал, «Білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінен – Айгүл Әбілғазина өз кандидатурасын ұсынған.

Сессия барысында депутаттардың пікірі екіге бөлінді. Нәтижесінде, «Ақ жол» партиясынан жасырын дауыс беру туралы ұсыныс түсті.

Депутаттар ашық дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдады, оның қорытындысы бойынша Қарағанды облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына көпшілік дауыспен 7 кандидатура қолдау тапты.

Одан бөлек, сессияда Жаңаауыл ауылының әкімшілік бағыныстылығын өзгерту туралы мәселе қаралып, облыс әкімі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының құрамы бекітілді.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button