АймақЖаңалықтарҚарағанды

Комиссаров көшесіндегі жолдың бір бөлігі жөндеуге жабылды

Қарағанды қаласының әкімдігі Комисаров көшесіің Бұқар жырау даңғылынан Ерубаев көшесіне дейінгі бөлігі жөндеуге жабылғанын хабарлады.

Сурет:zakon.kz

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Комисаров көшесіндегі тас жолды жөндеу жұмыстарына байланысты 19 қыркүйек күні сағат 22:00-ден бастап жолдың Бұқар жырау даңғылынан Ерубаев көшесіне дейінгі бөлігі жабылды, – деп хабарлады әкімдік.

Әкімдік уақытша қолайсыздықтар үшін қарағандылықтардан кешірім сұрап, бағытын алдын ала жоспарлауды ұсынады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button