Аймақ

Колониядағы алып күш иесі көлікті тісімен сүйреді

Қарағанды облысындағы колониялар арасында спартакиада өтті. Қарабастағы түрмеде 23 жастағы жазасын өтеуші ішіне адам толы жүк көлігін тісімен сүйреп, көпшілікті таңқалдырды деп хабарлайды ortalyq.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Сурет пен видео: КТК телеарнасының сайтынан

Рахат Үшкемпір ішінде адамы тола газельді тісімен жиырма метрге дейін сүйреген. Бұл оның жалғыз қыры емес. Дүлей күш иесі екі жүз келіні қиналмай көтеріп, шағылған шынының үстінде жүре алады. Өзінің айтуынша, қара күш ата – бабасынан дарыған. Сондықтан арнайы жаттығу да жасамайтын көрінеді. Түрмеде ондай жағдай да жоқ. Оның бұл жасағаны камераластарын ғана емес, білікті споршыларды да таң қалдырды. Түрмеге дейін көлік жүргізушісі болған. Бар арманы – жазасын өтеп, аман-есен жақындарына оралу.

– Білмеймін, бала кезден ғой ғой. Осындай қара күш бар. Міне, үш жыл болды-ау деймін тартпағаныма. Бұрын осыны әкеммен бәс тігісіп ойнап жүріп көргенмін. Қызыққан жоқпын, әкеммен бәстесіп ойнап көрдім, содан тартып кеттім. Басқа бір спорттық жарыстарға қатыссам деген ой болған емес, – дейді жазасын өтеуші Рахат Үшкемпір.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button