Жаңалықтар
Колония қызметкерлері «Ұлттық киім күнін» атап өтті
Кеше елімізде «Ұлттық киім күні» аталып өтті. Наурызнама онкүндігінде белгіленген атаулы күнге орай, аймақта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мерекеге орай, №33 мекеме қызметкерлері де ұлттық киім кию арқылы мәдениет пен дәстүрге деген адалдықтарын көрсетті.
Бұл күн қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып, ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттауға бағытталған.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz