Ресми

Коллекциялық монеталар айналымға түседі

Таяуда Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясы аясында «Teńgege 30 jyl» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды ortalyq.kz egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: egemen.kz

Биыл 15 қараша күні төл валюта­мызға 30 жыл толады. Әр елдің ұлттық валютасы – тәуелсіздік пен егемендіктің белгісі, мемлекеттегі ақша жүйесінің негізі.

«Teńgege 30 jyl» коллекциялық монеталары күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, өн бойында тантал металл да бар. Монета диаметрі – 50 мм, дайын­дау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңге­лік, таралымы – 300 (үш жүз) дана. Моне­таның жалпы массасы – 84,32 грамм.

«Teńgege 30 jyl» монетасының дизайны цифрлық технологияларды дамыту тұр­­ғы­сынан «₸» теңге белгісін пайда­лану­ға не­гіз­делген. Белгінің сол жа­ғын­дағы ою-өрнек даму мен өркендеуді, сон­дай-ақ ұлттық болмыс пен нақышты білдіреді.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалды.

Бұл монеталар Қазақстан Рес­пуб­ликасының бүкіл аума­ғын­да өздерінің белгілен­ген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкін­де банк шот­тарына есепке алы­нуға, аударуға, ұсақ­талуға және айырбасталуға жатады.

Пайдаланушы үшін «Қазақ­стан монеталары» мобильді қосымшасы да жұмыс істейді. Онда монеталарға қысқаша сипаттама беріліп, сериялар бойынша тақырыптық бөлімдерге бөлінген. Яғни Ұлттық банк шығаратын монеталар туралы ақпаратпен толықтай қам­тылған. Жекелеген монеталар бойынша бейнероликтерге, монеталардың 3D-суреттеріне, сондай-ақ толықтырылған шынайылық элементтеріне де сілтемелер берілген.

Монеталардың сатуға шыға­ры­ла­тын күні Ұлттық банктің ресми сайтында және әлеуметтік желілер­дегі парақ­шаларында қосымша хабарланады. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button