АймақСаран

Колледж командалары күш сынасты

«Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК базасында облыстағы кәсіптік-техникалық білім беретін ұйымдарының арасында «Біртұтас тәрбие» аясында биылғы Жұмысшы мамандығы жылына арналған ІІІ облыстық «Кім мықты?» спартакиадасы өтті.

  Бұл спартакиаданың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау,педагогтерді денешынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға тарту, олардың арасында достық байланысты нығайту болып табылады.

    Облыстық бұл жарысқа 21 колледждің командасы қатысып, спорттың волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ  түрлерінен күш  сынасты.

   Қорытындысында осы спорт түрлері бойынша жеңімпаз командалар анықталып, оларға кубок, медаль, граматолар мен ақша сертификаттары тапсырылды.

   Ал жалпыкомандалық есепте  бірінші орын алған «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» ҚМҚК командасы 100 мың теңгенің сертификатына ие болса, екінші орындағы  «Қарағанды политехникалық колледжі» ҚМҚК командасына 80 мың теңгенің, үшінші орындағы «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» ҚМҚК командасына 60 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

   Аталған спартакиаданың ұйымдастырылып, жақсы өтуіне «Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» ҚБ, «Білім қызметкерлерінің жергілікті «Білім» кәсіптік одағы» ҚБ және Саран қаласының білім беру бөлімі қолдау көрсетіп, демеушілік жасаса, осындағы Абай атындағы мектеп пен  17-мектеп-гимназия спорт залдарын ұсынған.

Ержан ИМАШ,

САРАН

Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button