Ресми

Колледж студентінен есірткі тәркіленді

Ұлытау облысының полицейлері колледж студентінен есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сурет: Polisia.kz

Ұлытау облыстық ПД қызметкерлері Жезқазғанда колледждердің бірінің 16 жастағы студентін ұстады. Тексеру кезінде полицейлер жасөспірімнен оралған 16 зат тәркіледі. Олардың ішінде ақ түсті ұнтақ заттар болды. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттар синтетикалық есірткі болып шықты.

Сондай-ақ, жасөспірімнің телефонын тексеру кезінде есірткі қою орындарының көрсетпе белгілері және әлеуметтік желілерде белгісіз адаммен хат алмасқаны анықталды. Ұсталған жасөспірім дәл осы бейтаныс адамның есірткі заттарын орналасқан жерін көрсеткенін мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полицейлер бұл іс-әрекет үшін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын. Ал, Қазақстанда қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын еске салады. Ұсталған жасөспірімге қатысты ешқайда кетпеу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button