Саран тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық эко акциясының «Жасыл аймақ» апталығына белсене қатысуда. Бұған дейін Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары көшет отырғызса, «Достық үйі» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының қызметкерлері қолына күрек ұстады. Бұл жолы Саран техникалық колледжінің студенттері де қалыс қалмай, игі бастаманы жалғастыруда.
Колледж студенттері ұстаздарымен бірге ғимарат ауласына қарағай шыбығын отырғызды. Жас шыбық тамырын терең бойлағанша демеу болу үшін жерге қадау қағып, жіппен демеп қойды. Әрі суғарып, қажетті күтімін көрсетті.
Осылайша, колледж ғимаратының бос тұрған алаңқайларында жас шыбықтар пайда болды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz