Бас тақырып

Кокс зауыты: былтырғы өнім көлемі межеден асты

2023 жылы аймақта арнайы кокс шығаратын жаңа зауыт іске қосылған болатын. Былтырғы жылы кәсіпорын 478 мың тонна өнім өндіріп, жоспарланған межеден асып түсті.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Айта кетейік, кәсіпорын жұмысын жандандыру үшін 60 млрд. теңге инвестиция құйған болатын. Бүгінде сол зауытта 180-нен астам адам жұмыс істеп жүр.

– Зауытта шығарылатын арнайы кокс қалпына келтірушілердің импортына тәуелділікті едәуір төмендетуге және ERG өндіретін отандық феррохромдағы қазақстандық қамту үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның сәтті іске қосылуы мен жобалық қуатқа шығуы – Қазақстан экономикасын әртараптандыру және көміртегі ресурстарын қайта өңдеу саласындағы мақсаттарды іске асыру жолындағы кезекті қадам, – делінген «Шұбаркөл Көмір» АҚ Корпоративтік коммуникациялар қызметі хабарламасында.

Кәсіпорынның мәліметінше, көмір химиясына негізделген инновацияларды енгізу жалғасады. Қазір мұнда арнайы кокс, белсендірілген көмір, көмір шайыры мен май, сондай-ақ сұйық гумин тыңайтқыштары өндіріледі. Көмір шайыры мен көмір майын өндіру жоспарланған. Шұбаркөл разрезіндегі «Д» маркалы көмірі өндіріс үшін шикізат болмақ.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button